• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Маусым, 2024

Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады

208 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанда 25, 26, 27 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы болжамына сәйкес, жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары кіре бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап ыстық республиканың солтүстігіне де жетеді.

«Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35...+38 градусқа дейін, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40...+46 градусқа дейін көтеріледі», деп болжады синоптиктер. 

Соңғы жаңалықтар