• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Маусым, 2024

Астанада тағы бір автобус жолағы пайда болады

108 рет
көрсетілді

Астанада қоғамдық көліктерге арналған тағы бір арнайы жолақ – Bus Lane енгізіледі. Бұл туралы 2024 жылдың 26 ​​маусымында «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөліктегі екі бағытта Bus Lane жолағын енгізу жоспарланды.

«Шамамен шілде айының 10-ына қарай. Ол туралы қосымша хабарланады. Қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақты енгізуді әзірлеу кезінде жолдың жүктемесі және көше-жол желісінің техникалық мүмкіндігі ескерілді», делінген хабарламада. Компания қоғамдық көліктерге арналған жолақты енгізуді әзірлеу кезінде жол кептелісі мен жол желісінің техникалық мүмкіндігі ескерілгенін атап өтті.   Бүгінде Мәңгілік Ел даңғылы қаланың халық тығыз орналасқан ауданы. Даңғыл бойымен 20 бағыт жүреді. Қаланың бас даңғылындағы жолаушылар тасымалы тәулігіне 88 мың адамды құрайтыны белгілі болды.