• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Маусым, 2024

Астанада Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында қозғалыс шектеледі

68 рет
көрсетілді

Елордада Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында  жол бөлігін жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 маусым күні сағат 20:00-ден 27 маусым күні сағат 20:00-ге дейін жол қиылысы толығымен жабылады. Осы уақытта Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол төсеміне жөндеу жұмыстарын  жүргізеді.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.