• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Шілде, 2024

Астаналықтарға үйлеріне газ кіргізу үшін 479 мың теңге беріледі

195 рет
көрсетілді

Астанадағы жеке үй тұрғындарына үйлеріне газ жабдықтарын орнату үшін әлеуметтік көмек беріледі, деп жазады Egemen.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осы көмекті алуға ниетті тұрғындар мен оның отбасындағы басқа адамдарда екінші үй болмау керек. Сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.

Әлеуметтік жәрдемақы алуға мына санаттағы азаматтар үміткер бола алады: 

жасы бойынша зейнеткерлер;

мүгедектігі бар адамдар;

мүгедектігі бар балалар;

көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар;

жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері;

асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар (бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға, оның ішінде 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалар).

Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің газ жабдығын жүргізуге және орнатуға байланысты нақты шығындары негізге ала отырып айқындалады. Десе де оның  мөлшері 479 960 теңгеден аспайды.

Әлеуметтік көмек алу үшін мына жерде талап етілген құжатты құзырлы мекемеге өткізу керек.