• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

138 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Талдықорған қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Қоғамдық кеңестің өкілде­рімен және мәслихат депутаттарымен кез­десті. Басқосуда Сенаттың заң шығару қызметі, жергілікті депутаттармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.

Сенатор жаңадан салынған «Жетісу Арена» спорт кешенінде болды және волейбол мен үстел теннисіне арналған оқу-жаттығу кешендерінің құрылысымен танысты. Тапсырыс берушілермен және мердігерлермен кездесу барысында құрылысты уақтылы және сапалы аяқтау спортшылардың жақсы жаттығуына, өңірге кәсіби білікті жаттықтырушылардың келуіне және осында қоныстануына ықпал ететініне назар аударды.

Ғ.Сарыбаев осы өңірде орналасқан 5514 әскери бөлімде де болды. Онда әскери қызметшілердің қызмет ету және тұрмыс жағдайымен, орын алмастыру жоспарланып отырған жаңа аумақтағы нысандар құрылысымен, сондай-ақ әскери техника, атыс қаруы мен жабдықтардың үлгілерімен танысты. Кездесу барысында жауынгерлік дайындықты арттыру, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды, әскери қызмет жағдайын жақсарту, оқыту, кәсіби даму және білім беру гранттарын беру тақырыптары қозғалды. Сенатор ұландарға адал қызметі үшін алғысын білдіріп, олардың өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.