Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан сел жүрді. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Беріктас ауылындағы 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үйді су басты.
ТЖМ мамандары су басқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары мен мониторинг жүргізді.
Осы жұмыстарды істеуге атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.