Қазіргі әндерде қыз бен жігіттің нәзік махаббатынан гөрі, қара дүрсін сөз қағысы басым. Қызды алып қашып, келін қылу, ауылдың қаладан жақсырақ екенін дәлелдеу, қалың мал сияқты тақырыптарға құрылған әндер махаббаттың мүбәрак мүсінін айғыздайтындай көрінеді.
Жақында сөзін айтыскер Қайнар Алагөзов, әуенін танымал әнші Әділет Жауғашар жазған «Маһір» деген ән жарыққа шықты. Онда да жоғарыдағы белгілерді байқауға болады.
Жаным мәһір, мәһір деп,Аһ ұрасың ақым деп.Көнейін саған.Еркелетіп күнбе күн,Қырдың қызыл гүлдерінтерейін саған.
Енді қалай сыр ашам,Ертегіңді құрасаң,Джет самолет сұрасаң,не дейін саған?
Кезінде Маңғыстауда сөз-шалық болған ақынсымақ Қашаған жыраудың батасын аламын деп қиылып қоймай, билердің алдында әңгіленіп «әнін» айтыпты. Онымен қоймай «батаңды берсең жылдам бер» деп бейәдептік танытады. Сонда адайдың Мәтжан Тілеумағамбетұлы деген ұлық биі ақылсыз өлеңіңнің ақысы деп «ақынды» қамшының астына алады. Міне, өлеңнің алдындағы жауапкершілік! Қазір заман басқа. Үрегейлердің үнін өшіріп, дүрегейлерге дүре соғып жүрген ешкім жоқ. Әйтсе де өнер туындыларын сахнаға шығармас бұрын сынның сиратынан өткізіп алу қажет-ақ.
Мақаланың толық нұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.