• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:40

Алматыда тағы автобустың қатысуымен жол апаты болып, 2 адам қаза тапты

130 рет
көрсетілді

Алматының Медеу ауданында 18 шілдеге қараған түні автобустың қатысуымен жол апаты болып, екі адам қайтыс болды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі Талғар тасжолымен батыс бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобуспен соқтығысқан.

Апат салдарынан «Toyota» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапқан.

«Екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.