• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Шілде, 2024

Астанада автобус жолақысы қымбаттайды

186 рет
көрсетілді

Астанада қоғамдық көліктердегі жолақы қымбаттайды. Елорда әкімдігі жаңа тарифтің қашан күшіне енетінін айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 90 теңгеден 110 теңгеге дейін көтеріледі. Айта кетейік, 2014 жылдың қыркүйегінде қалалық бағыттарда жол жүру ақысы 90 теңге болатын», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүретін еді. 

Бұл жеңілдік келесі санаттарға жататын азаматтарға да беріледі:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар; Жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар; Көпбалалы аналар; Көпбалалы отбасылар; Мүгедектер; Он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері). «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

Бұған дейін Алматы қаласындағы қоғамдық көлікте жол жүру құнының да қымбаттайтынын хабарлаған едік.