• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Шілде, 2024

Түркістанда есірткі дайындаумен айналысатын 2 тұрғын ұсталды

148 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында синтетикалық есірткі шығаратын тағы бір есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комитеттің хабарлауынша, екі жергілікті тұрғын есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан жерінен ұсталған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, 60 келіден астам психотроптық заттар мен 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ «синтетика» өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленген.

«Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен (осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.