Алматының Бостандық ауданындағы дүкендердің бірінде өрт шығып, оқиға орнына өрт сөндірушілер жөнелтілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өрт сөндірушілер 120 шаршы метр аумақтағы өртті тез арада сөндірді», делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ ТЖМ өрттің көршілес екі қабатты жеке үйге таралу қаупі бар екенін атап өтті. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ведомство өкілдері кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Еске салайық, жексенбі күні Алматыдағы «Барахолка» маңындағы қоймалар өртеніп кете жаздаған еді. Ал, 16 шілдеде Солтүстік сақина аймағында орналасқан люстралары бар екі қабатты қоймада ірі өрт шыққан.