• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2015

Ата-әжелеріміз ертегі айта ма?

725 рет
көрсетілді

Бала кезінен ата-әжелерінің ертегілері мен батырлар жырын естіп өскен аға ұрпақтың сөз өнерін кие тұтып, ұлттық қасиеттерімізді көзінің қара­шығындай сақтап, халқына, еліне адал қызмет етіп жүргенін жақсы білеміз. Халық ауыз әдебиетінің кәусар бұла­ғымен сусындап өскен аға ұрпақ қазір өздері немерелеріне ертегі айта ма? Біреуден ілгері, біреуден кейін тұрмысы бар, бала-шағасының қамын жасаймын деп «космостық» дәуірде балаларына, немерелеріне көңіл бөлуге уақыт таба алмайтын болуы керек деген де ой жоқ емес. Десек те, уақыт жоқ деп сайрап жүргендер теледидарда беріліп жатқан түрік пен кәріс, үнді сериалдарын үзбей көреді. Немерелерін алдарына алып, бірге тамашалайды. Бұл сериалдарды бала көруге бола ма, жоқ па, оны ойлап жатқан ешқайсысы жоқ. Бұрын өздері қандай қазақ ақын-жазушылары барын, кім­­нің қандай кітабы шығып жат­қанын біліп отыратын. Ал, қа­зір өздерінің осы әдеттерін ба­лаларына, немерелеріне үлгі қыла алмауының себебі неде? Өз ұрпағының компьютер, теледидар, телефон, интернетті жақсы меңгергенін алға тартып мақтанады. Кейінгі ұрпақтың заман талабына сай ғылыми-техникалық прогресс жемістерін білгені дұрыс қой. Әйтсе де, халқымыздың қиялы ұшқыр, тілі бай, тапқырлыққа толы ерте­­гілерін тыңдап өскен ұр­пақ­тың көкірегі мейірімге, адал­дық­қа, қайырымдылыққа, адам­гершілікке бөленіп өсетінін ұға тұра, бала тәрбиесіне кө­ңіл бө­луде олқылық жіберіп отыр­ғанымыз өкінішті. Шетелденудің бәрі керемет деп, оларға таңданудың қажеті жоқ екендігін ата-әжелеріміз білсе ғой. Рухани құлдырап бара жатқан балаларымыздың ертеңі не болмақ?  Олардың болашақ ел тіз­гінін ұстар азамат болуы үшін ата-әжелері, әке-шешелері бесік жырынан бастап, ертегі, аңыздар, батырлар жырын бала құлағына құйып отырса, бала өзі де бейімделер еді. Немерелерінің құлақ құ­рышын қандыратын ертегі, аңыз әңгімелер айтатын ата-әжелеріміз көбейсе екен деп тілейміз. Гүлмира РАУШАНБЕКҚЫЗЫ, Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №75 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі. АЛМАТЫ.