• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 06 Тамыз, 2024

Залалсыздандыру жұмыстары аяқталды

88 рет
көрсетілді

Барлық өңірде шегірткеге қарсы өңдеу шарасы аяқталды. Жұмыс қорытындысы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі орталық штаб отырысында шығарылды.

Өңделген алқаптардың жалпы көлемі 3,1 млн гектарды құраған. Бұл биыл болжанған 2,5 млн гектар көрсеткіштен 23%-ға жоғары. Болжамды кө­лем­нің іс жүзінде асып кетуі жаңадан таралу ошағы анық­талған жерлерді қайта өңдеуге байланысты орын алды.

Тұрақты мониторинг, дрон­дармен қоса техниканы зиян­кестердің белсенді таралу орындарына жедел көшіру, орталық үкіметтік және өңірлік деңгейлердегі жағдайды қолмен басқару және бақылау, шекара маңы мемлекеттерінің аграр­лық ведомстволарымен тығыз өзара іс-қимыл өз нәтижесін берді. Сондықтан биыл фермерлер егістіктері шегірткеден зардап шеккен жоқ. Негізгі қорғаныс іс-шараларының аяқталуына қарамастан, тағы бір апта бойы жекелеген өңір­лерде шегірткенің пайда бо­луын бақылау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Үкімет шегірткеге қарсы бел­сенді жұмыс кезеңін аяқтап, келесі жылға дайындықты бас­тайды. Биылғы жоспарда – ше­гірт­кенің таралу көлемі бойын­ша болжам жасау және өңір­­лерде фитосанитарлық инс­пек­циялар пайдаланатын дер­нәсілдердің пайда болу орын­дарын мониторингтеу үшін 100 дрон сатып алу қарас­тырылған. 2025 жылы алқаптар­ды өңдеу үшін дрондар сатып алу жос­парланып жатыр.

Сондай-ақ келесі жылы пес­тицидтерге, оларды тасымал­дауға, сақтауға және қолдануға арналған шығындарды қамти­тын шегірткеге қарсы бірың­ғай қызметті орталық­тандырыл­ған сатып алуға көшу көзделіп отыр. Бұл жерді өңдеу­дің сапасы мен тиімділігін бақы­лауға, орындаушылардың жауап­кер­шілігін арттыруға және биз­нестің сатып алуға қатысуын тартымды етуге мүмкіндік береді.