• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Шахмат 06 Тамыз, 2024

«Senat Open» шахмат турнирі: «Батыс» өңірінен финалға шыққандар

78 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының шахмат бойынша «Senat Open» ашық кубогінің жартылай финалдағы бес турнирінің бірі Ақтөбеде өтті. Сенат аясында Қазақстан шахмат федерациясы мен Kazchess ал­ғаш рет ұйымдастырған турнирге барлық облыстар мен республи­ка­лық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақ­стан облыста­ры­ның іріктеу кезеңде­рінде шахматтан жеңімпаз болған 100 әуесқой Ақтөбеде өткен жар­тылай финалда бақ сынады. Жартылай финал ойында­рының ашылу салта­на­тына об­лыс әкімдігі мен мәсли­ха­ты­ның және Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері қатысты.

9-тур рапид қорытындысы бойынша «Senat Оpen» финалына қатысатын «Батыс» өңірінің жиырма бес өкілі анық­талды. Олардың ішіндегі іс-шараға қатысып, үздік ойыншы атанған депутаттар, журналистер, қоғам белсенділері, әйелдер мен 60 жастан асқан қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталды.

Турнир барысында тоғызқұ­малақтан халықаралық дәреже­дегі спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрбек Қабиев бір мезгілде мәс­лихат депутаттарымен, облыс­тық және қалалық қоғам­дық кеңестердің мүшелерімен, БАҚ өкілде­рімен ойын өткізді.