Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті.
Сенаторлар алдымен Жаңақорған ауданында болып, аудан әкімімен, мәслихат депутаттарымен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда Сенаттың заң шығару қызметі туралы айтылды, медиация мен инфрақұрылым мәселелері талқыланды.
Сенат депутаттары Шиелі ауданындағы Бестам аулында дәрігерлік амбулатория құрылысының барысымен танысты және Парламентте қаралатын заңдарды талқылауға орай, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті.
Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен де кездесті. Кездесу барысында Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан бастамалары мен Парламентте қабылданған заңдардың ерекшеліктері талқыланды.
Депутаттардың жұмыс сапары Тасбөгет кентінде одан әрі жалғасты. Олар абаттандыру барысымен танысты және суаруға арналған су мәселесін көтерген жергілікті тұрғындармен кездесті. Сапар барысында сондай-ақ №4 емханада болып, медициналық қызметкерлермен мекеменің жұмысын жақсарту мәселесін талқылады.