• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Тамыз, 2024

Туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы көш бастады

137 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық жағдай туралы мәліметті жариялады, деп жазады Egemen.kz.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құраған.  6 айда халықтың жалпы өсімі 125,8 мың адамға жеткен.

Дүниеге келген бала саны 184,7 мың сәби болса, қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді (1000 тұрғынға 24,80 адам). Екінші орында Түркістан облысы (24,78). Ал Шымкент қаласы (23,55) үздік үштікті түйіндеді.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) екені белгілі болды. Бұл аймақтағы халықтың жас ерекшелігімен байланысты жағдай.