• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 10 Тамыз, 2024

Жаңа суперинтеллект жұмысын бастады

60 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең беделді жасанды интеллект зерттеушілерінің бірі, ғалым Илья Суцкевер «Safe Superintelligence Inc» деп аталатын жаңа стартапты іске қосты. Биылғы мамыр айында өзі не­гізін қалаушылардың бірі болған «OpenAI» компаниясынан к­е­те­тінін хабарлаған ол көп ұзамай жаңа жобасын қоғамға көрсетті.

«OpenAI» – 2015 жылы Сэм Альтман, Илья Суцкевер, Илон Маск және тағы басқа мамандардың жетекшілігімен құ­рылған компания. Мақсаты – қо­ғам игілігі үшін ашық жұмыс істеу. Суц­ке­вер бұл жерде әуелгіде бас ғылыми қыз­меткер, кейін жасанды интеллектінің қауіп­сіздігі бөлімін басқарды. Ал қыз­мет­­т­ен кеткеннен кейін «Apple» компа­ния­­сының AI әзірлеу бөлімінің бұрынғы бас­­шысы Дэниел Гросс және «OpenAI»-дің бұ­рын­ғы қызметкері Дэниел Левимен бірге «Safe Superintelligence-тің» негізін қалады.

Күні бүгінге дейін адамзат үшін ақпарат айдынындағы айнымас дос – «Chat GPT» жасанды интеллектісі болды. Жақында оның «Chat GPT–4о» деген жаңа түрі қолданысқа енді. Оның бұрынғысынан артықшылығы – екі есе жылдам ақпарат тауып, кез келген тілді анық түсінеді. Тіпті қазақ тілінде де лезде жауап береді. Мұнда сіз тек мәтін ғана емес, аудио форматта да хабарлама жаза аласыз. Ал өзіндік бренді қалыптасқан «OpenAI»-дің танымал технологиясынан жаңа өнімнің қандай ерекшелігі бар?

«Safe Superintelligence» – кәдімгі адамның миымен бірдей мүмкіндікке ие нейрожелі. Ол ақпараттарды зерттейді, талдайды және қабілетін әртүрлі жағ­дайда қолдана алады.

Суцкевер өзінің аталған компа­ния­сының құрылғаны туралы әлеу­мет­тік желідегі жазбасында: «SSI – бұл біздің миссиямыз, біздің атауы­мыз және бүкіл өнімнің жол картасы. Ол – басты назарымыздағы жоба. Біздің команда, инвесторлар және бизнес-модель барлығы SSI-ға қол жеткізуге бейімделген. Біз қа­уіп­сіздік пен мүмкіндікті қатар қа­рас­­тырамыз. Өйткені техникалық мәсе­лелер революциялық инженерия мен ғылыми жетістіктер арқылы шеші­леді», деп айтқан. Шынымен, үздік үштік жаңа өнімде қауіпсіздік ерек­ше назарға алынған. Илья Суц­ке­вердің «OpenAI» компаниясынан кетуінің бас­ты себебі де – осы. Тіпті бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері жарыса жазып жатыр. Яғни нейрожелі ешкімге зиян тигізбеуге тиіс. Ол адамзат ақыл-ойына идея қосқанымен, оны басып озбайды. Сол арқылы технологияның табиғи интеллектіні басқаруының алдын алады. Ал бұл жолда жаңа ұжым өздеріне кіл жүйріктерді жинауды көздеген. Сондықтан қатарға супербарлауды жүзеге асыратын инженерлер мен зерттеушілердің шағын, элиталық тобын жасақтайды. Осылайша, таңдамалы шығармашылық ұжымның арқасында коммерцияға бағытталмаған, қауіпсіз суперинтеллект өз жұмысын бастайды.

 

Би-Фатима ЕРАЛХАНҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті