• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 12 Тамыз, 2024

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

182 рет
көрсетілді

Серік Сәлемов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына Серік Жақсылықұлы Сәлемов тағайындалды», делінген өңір әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Серік Сәлемов 1972 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын («Жылумен, газбен қамтамасыз ету, желдету, ауа бассейінін қорғау», «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару») бітірген. 

Ол әр жылдары «Салтанат» шағын мемлекеттік кәсіпорында тері өткеруші, «Ақбастау» шағын жеке кәсіпорында құрылыс учаскесінің шебері, «Салтанат» шағын мемлекеттік кәсіпорында директордың орынбасары, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас консультанты, бас маманы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық мәслихат аппаратының бас маманы, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, жетекшісі лауазымдарын атқарған.