Әлемде талай қызық бар деп тамсанып жатамыз ғой. Иә, ол шынында да солай. Жер ғаламшарын жайлаған маса бір ғана елде өмір сүрмейді екен...
Бұл − Исландия мемлекеті. Ғалымдар мен зерттеушілер мұның сыр-себебін толық тани қоймаған, десе де Исландияда масаның бірде-бір түрі өмір сүрмеуін табиғат ерекшеліктерімен байланыстырады.
Ең таңдандыратыны Еуропадағы елдердің шекарасы, салыстырмалы түрде өте жақын. Исландияға жақын орналасқан Норвегия, Шотландия, Ирландия, тіпті Гренландияда маса бар екені анықталған. Масалар суық пен жылудың кезектесіп тұратынына шыдай алмайды екен. Ал Исландияда қыста ауа райы лезде жылып, суып құбылады. Қансорғыш жәндіктер осы себепті де Исландияға жуымайтын болса керек...
Жапонияда іске қосылған таңғалдырар дабыл жүйесі мен қызылордалықтар еккен тез пісетін қауын туралы тілшіміз Елігімай Төңкер ұсынған «Ғалам ғажаптары» топтамасынан толық оқыңыз.