• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Тамыз, 2024

Қарағандыда техникалық қызмет көрсету станциясында 4 көлік өртеніп кетті

95 рет
көрсетілді

Кеше Қарағанды ​​облысының Саран қаласында автокөліктерге қызмет көрсету орталығында өрт болды. Салдарынан 4 жеңіл көлік пен 2 мотоцикл жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саран қаласындағы Макаренко көшесіндегі автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты. 

«Жалпы алаңы 290 шаршы метрді құрайтын жалын қызмет ішіндегі 4 автокөлік пен 2 мотоциклді шарпыған. Өрт 17:41-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ»,  деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, өрттің алдын ала себебі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болған.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 27 адамы мен 5 техника бірлігі жұмылдырылған.