• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Тамыз, 2024

1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма

191 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекте  ұстаздарға сыйлық беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Ғани Бейсембаев мұғалімдердің оқушылар мен олардың ата-аналарынан гүл шоқтарын алса қуанышқа бөленетіндерін тілге тиек етті. Сондай-ақ ұстаздарға гүл сыйлау дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Тәтті-тәпсекке қатысты ойлану керек. Әркімнің қалауы әртүрлі. Бірақ оқушылардан мұғалімнің гүл алуы көңіл - күйді көтеретін үрдіс. Оқушылардың мұғалімдерге құрмет ретінде гүл сыйлауы дәстүрге айналған. Сондықтан оны дұрыс деп есептеймін. Гүл сыйлау − әркімнің өзінің көңілі мен ниетіне байланысты. Бірақ гүл беруді міндеттемеу керек», деді министр.