• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Тамыз, 2024

Елордадағы Қараөткел көпірі ішінара жабылады

62 рет
көрсетілді

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Қалқаман көшесінен «Қараөткел» көпіріне дейінгі жол төсемінің үстінгі қабатын салу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты, осы жылдың 26-29 тамызы аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.