• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Тамыз, 2024

Мәжіліс төрағасы Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

144 рет
көрсетілді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті отандастар!   Баршаңызды еліміздің мерейлі мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!   Конституция – еліміздің ата заңы, мемлекеттілігіміздің мызғымас тұғыры. Байтақ Отанымыздың баянды дамуын, қоғамдық құрылысы мен басты ұстанымдарын айқындайтын қастерлі құжаты.   Елдігіміздің алтын арқауына айналған Ата заңнан бастау алған сан-салалы заңнама мемлекетіміздің дамылсыз дамуына, үздіксіз өсуіне ұдайы жол ашып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заман сұранысына сай жүргізген конституциялық реформалары бүгінде өз жемісін беріп отыр. Бұл баршаға бірдей мүмкіндік ұсынып, әрбір азаматтың құқығы қорғалатын Әділетті Қазақстанды құруға берік негіз қалады.   Әйгілі ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай, «Әділ заң – тірегің». Ата заңымыз елдік пен әділеттіліктің тірегі болып, әрдайым мемлекетіміздің айбыны мен абыройын асқақтата берсін.   Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», делінген құттықтауда.