• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ 05 Қыркүйек, 2024

Соңғы 8 жылда МЖӘ аясында ілкімді жобалар іске асты

101 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікке (МЖӘ) ерекше тоқталуы медициналық қауымдастықтың көкейінен шықты. Өйткені, мемлекеттік-жекешелік әріптестік – денсаулық сақтау жүйесін дамытуда шешуші рөл атқарады, бұл жеке сектордың ресурстары мен тәжірибесін мемлекеттік қолдау мен бақылаумен тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді, бұл ел азаматтары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға ықпал ететіні даусыз, деп хабарлайды Egemen.kz.

МЖӘ озық технологиялар мен заманауи емдеу әдістерін енгізу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады, бұл күрделі денсаулық сақтау салалары, әсіресе онкология үшін өте өзекті мәселе. Жеке секторды тарту – жаңа медициналық мекемелерді құру, жабдықтау процесін жеделдетуге, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыруға көмектесіп, пациенттерді емдеу нәтижелеріне тікелей әсер етеді.

Бұдан басқа, МЖӘ сапалы медициналық көмекке қол жеткізудегі теңсіздікті азайта отырып, өңірлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді және Орталық клиникаларға жүктемені азайтады. 

Айта кетейік, соңғы 8 жылда МЖӘ аясында ҚР онкологиялық көмек көрсету саласында заманауи медициналық объектілерді, оның ішінде ПЭТ/КТ-орталықтарын, Алматы, Астанада, Қазақстан өңірлерінде салу және жарақтандыру бойынша бірқатар жобалар іске асырылды.

Атап айтқанда, 2019 жылы Orhun Medical медициналық компаниясымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да ПЭТ/КТ-орталығы пайдалануға берілді. 2022 жылы Шымкент қалалық онкоорталығында МЖӘ жобасы аясында ПЭТ-аппараты, сондай-ақ пациенттерге жаңа буын сәулелік терапиясын жүргізу үшін заманауи сәулелік үдеткіш орнатылды.

Ал 2024 жылдың қыркүйегінде Орал қаласында Онкологиялық ауруларды инновациялық диагностикалау орталығы ашылды. Сондай-ақ, МЖӘ аясында, өңірде заманауи КТ-симулятор мен сәулелік үдеткішпен жабдықталған Ядролық медицина орталығы ашылды. Жаңа орталықта медициналық көмек барлық пациенттерге Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін ғана емес, республиканың барлық тұрғындары үшін де тегін көрсетіледі.

Сондай-ақ қыркүйек айының ортасында Алматыда Қазақ онкология және радиология ҒЗИ (ҚазОРҒЗИ) базасында Онкологиялық ауруларды инновациялық диагностикалаудың екінші орталығы жұмыс істей бастайды. Аталған орталықтар онкологиялық ауруларды ерте анықтауды айтарлықтай жақсартады, бұл пациенттердің өмір сүруін арттыру мүмкіндігін арттырады.

Бұдан басқа, «Қазақмыс» корпорациясымен Талдықорған қаласында су жаңа онкологиялық орталық салу туралы келісімге қол жеткізілді. Талдықорғанда қазіргі заманғы онкологиялық орталықтың құрылысы Жетісу халқы үшін ғана емес, жақын маңдағы өңірлер – Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары үшін де өзекті. Жобаны іске асыру облыс әкімдігі Жетісу, «Kazakhmys Holding» ЖШС және Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі арасында қол қойылған үшжақты мәміленің арқасында жүзеге асты.

 

 

Диляра ҚАЙДАРОВА,

ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы,

«Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ басқарма төрағасы,

ҰҒА Академигі

 

АЛМАТЫ