• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Өнер 11 Қыркүйек, 2024

Домбыра жасайтын оқушы

128 рет
көрсетілді

Атасының қасынан шық­пайтын кіш­кентай Кәусар көр­генін жадына сақтай жүр­ген. Есейе келе қа­рап отырмай, атасы жасаған заттарға ұлттық ою­ды бедер­леп, кейде өзі де түрлі бұйым­дар жасай бас­таған.

Осылайша, қа­зақ­­тың ұлт­тық қолөнер б­ұ­йым­­дарын жа­­сауды жақ­сы меңгерген Кәусар Қал­мырзақызы – Келес ауда­нындағы №47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы. Көпбалалы отбасында өсіп жатқан Кәусар бүгінде атасына көмектесіп домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды. «Атам 20 жылдан бері қолөнермен айналысады. Маған бұл іс қатты ұнайды. Сабақтан кейін үйге қарай асығамын, бос уақытымды тиімді өт­кізгім келеді. Мектепте көркем еңбек пәні қатты қы­зықтырады», дейді Кәусар Сүндетқұл.

Иә, Кәусардың атасы Сүн­детқұл Алтынбекұлы  – өңірге танымал қолөнер шеберлерінің бірі. Ал әкесі – шаштараз, анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Атасы мен не­ме­ресінің жасаған қолөнер бұйым­дары, домбыралары түрлі көрмелерге қойылған. Ауыл тұрғындары арасында да сұранысқа ие.

 

Түркістан облысы