V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордоның топтық кезеңіндегі кездесулер жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан құрамасы Б тобындағы алғашқы ойынын Чехия спортшыларына қарсы өткізді. Бұл кездесуде еліміздің асықшылары қарсыластарын 64+хан:4 есебімен ойсырата жеңді.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы келесі кезеңде моңғолиялық асықшылармен шеберлік байқасады.Айта кетейік, егер Қазақстан Монғолияны жеңсе, 13 қыркүйек күні «Алау» мұз айдыны кешенінде өтетін финалдық бәсекеде бақ сынайды.