Кешегі жарыс күнінде ордо спортынан ел құрамасының үздіктері Чехия, Моңғолия спортшыларын еш қиналмай жеңіп, финалдық сынға шыққанда, алтын жүлденің де ауылы алыс емес болар деп үміттенген едік.
Алайда қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан ел құрамасы финалда қарсыласқа жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ордоның финалдық кезеңінде ел құрамасы Қырғызстан спортшыларымен кездесті. Финалда отандық асықшылар қарсыластарына 96:18 есебімен есе жіберді. Спорттың осы түрінен бірінші, екінші орынды қырғыз, қазақ спортшылары жеңіп алса, үшінші орынды Тәжікстан құрамасының асықшылары иеленді.