• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Теннис 16 Қыркүйек, 2024

Теннисші Андрей Голубев кәсіби мансабын аяқтады

71 рет
көрсетілді

37 жастағы Қазақстан теннисшісі Андрей Голубев спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Голубевтің Қазақстанда теннисті дамыту мен танымал етудегі зор үлесін атап өтті.

Салтанатты іс-шарада спортшы федерацияға, спорттағы әріптестеріне, отбасына және барша жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.

«Ең алдымен, еңбек жолымда мені қолдап, сенім білдірген отбасыма, ата-анама алғыс айтқым келеді. Мен барлық жеңістерімді Қазақстанға әкелгеніме өте қуаныштымын және мақтанамын. Мансап жолымда маған сеніп, қолдаған жанкүйерлеріме рахмет», деді Андрей Голубев.

Айта кетейік, Андрей өз мансабында Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, 2014 жылғы Азия ойындарында командалық есепте алтын медаль жеңіп алған. Сонымен қатар «Үлкен дулыға» жұптық турнирінің финалисі (French Open 2021) және екі ATP турнирінің жеңімпазы (біреуі жекелей) болған.