• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 16 Қыркүйек, 2024

Көшпелілер ойындарына қанша жылқы қатысқан

99 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігі сандық деректерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Осы айдың 8-13 күндері елордада дүркіреп өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына жалпы саны 499 жылқы қатысқан. Оның ішінде 100 жылқы ұлттық құрамаға тиесілі. Ойындарды ұйымдастыру дирекциясы жылқысыз келген өзге елдердің қатысушылары үшін 300 жылқыны жалға алған. Сондай-ақ Қырғыз Республикасы – 91, Өзбекстан Республикасы – 8 жылқы әкелді.

Сонымен қатар жарыстарға 41 құс қатысқан. Оның ішінде 9 - ұлттық құрамаға, 8 - Қырғыз Республикасына тиесілі. 24 құсты өзге елдер үшін Құсбегілік федерациясы ұсынған.