• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Инвестиция 18 Қыркүйек, 2024

Инвестициялық ахуалды жақсарту қажет

69 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инвестициялық ахуал мен бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолындағы үздіксіз жұмыс істеу мәселесінің маңызды екенін атап өтті.

Расында, қазір әлемде ин­вестицияға деген талас қатты белең алған. Осындай кезде сырттан келетін инвес­торлардың жолын тосып отыра бермей, елге қаржы тартуға Президент Жолдауда атап өткен «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасымен әрекет еткеніміз жөн. Сол себепті Үкімет жанындағы Инвестиция штабының құзы­ре­тін кеңейту нақты қадам болып отыр.

Бұл шешім металды тереңдете өңдеу, мұнай-газ-көмір химия, туризм, энергетика және машина жасау сияқты стратегиялық маңызды салалардағы жобаларды жүзе­ге асыруды жылдамдатады. Ол жаңа технологияларды енгізуді жеңілдетіп қана қоймай, мыңдаған жұмыс орнын ашып, ел экономикасының өсуіне ықпал етеді.

Инвесторларды тарту биліктің барлық тармағының ортақ мүддеге белсенді қаты­суын талап етеді. Үкімет өз жұмысын табысқа қол жет­кізу бағытына қарай бейім­деп, бұл іске тек орталық органдар ғана емес, жергілікті атқарушы биліктің те белсенді қатысқаны маңызды. Әсіресе халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобаларын сапалы дайындауға ерекше назар аудару қажет. Жолдауда Мемлекет басшысы Үкіметке халықаралық қаржы ұйымдары мемлекет-жеке­меншік әріптестігі тәсілімен қаржыландырып, толық жүзе­ге асыратын ауқымды жоба­лардың тізімін жасауды тапсырды.

Жалпы, мемлекет-жеке­меншік әріптестігі арқы­лы қаржыландырылатын ауқым­ды жобаларды анықтау, іске қосу қаражатты тиім­дірек пайдалануды қам­та­масыз етеді және мәні бар бастамаларды жүзеге асыруды жеделдетеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті жүйелі қолдаудың маңыз­ды­лы­ғын атап өтті. Бұл бастаманы бү­кіл бизнес қауым­дастығы қолдайды.

«Ұсы­нылатын жеңіл­дік­тердің бизнес өкілдеріне түсінікті бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін финтех тәсілдерін пайдалануға болады. Бұл мәселе бойынша тиісті ұсыныстар бар», деді Президент Жолдауда.

Осы ретте Үкімет шағын және орта бизнесті ашу рәсімдерін оңтайландырып, бар шектеулерді алып тас­тап, қолдау шаралары туралы алғашқы ақпаратты алуды ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін қолжетімді ету керек деп есептеймін.

Біз партия ретінде бизнес мәселелерінен хабардар болуға, ті­келей айналысуға құқы­лымыз. Өңірлерге шық­қан іс­­­сапар­ларымыз аясында кәсіп­­керлермен кездесіп жүр­міз және олардың үнін, өз ұсыныс­тарымызды Үкіметке жеткізуге барынша тырысамыз.

«Биыл егіс науқанына екі есе көп қаражат бөлінді. Алайда агроөнеркәсіпке бөлі­нетін бүкіл ақшаның 70 пайы­зы – мемлекет қаржысы. Бұл салаға коммерциялық банк­тер­дің қаражатын да тарту қажет. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Банктерге қатысты осындай тәжірибені қолдану керек», деген Президент мемлекеттік қаржы институттары арқылы несие алу мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін баса айтты. Несие шарттарын орындау­да проблемалар жиі туындайды, ал кепілдік талаптары құжаттарда көрсетіл­ген­дер­ге сәйкес келе бермейді. Қажетті құжаттар тізімін нақты реттеу қажет.

Жалпы, қолдау шараларын жүйелеу және тікелей субси­дия­лаудан жеңіл­­де­тіл­ген несиелеуге көшу – дер кезінде жасалған қадам. Кә­сіпкерлерге жеңіл­де­тіл­ген несиелендіруге қол жет­кізу маңыздырақ, ал мемлекет үшін бұл тұрақты эко­номикалық өсуге ықпал ете­тін инвестицияның қай­тарылуын қамтамасыз етеді.

 

Айдарбек ХОЖАНАЗАРОВ,

Мәжіліс депутаты