• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қыркүйек, 2024

Президент Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында сауда-логистикалық кешен құру туралы заңға қол қойды

96 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.