• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Президент 24 Қыркүйек, 2024

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

119 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Кездесуде Мемлекет басшысына Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Жанат Элиманов Заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жүйенің FATF ұсынымдарына сәйкестендірілгенін айтты.

Президент Агенттіктің жаңадан тағайындалған төрағасына көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.