19 қыркүйекте Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан спортшысы Ерасыл Сәулебеков 81 келіге дейінгі салмақта 344 келі нәтижесімен (154+190) қоссайыс бойынша қола медаль жеңіп алса, серпе көтеруде күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Ерасыл Сәулебеков - 17 жасқа дейінгілер арасында екі дүркін әлем чемпионы (Мексика 2022, Албания 2023).