Елдің батысында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Ұлттық деректер орталығы ұсынған ақпаратқа қарағанда, желі станциялары 24 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 14:20-да Атырау облысында жер сілкінісін тіркеген.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулерінің эпицентрі Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 134 шақырым жерде орналасқан.