• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қыркүйек, 2024

Оқушыларды денсаулық пен бақуаттылыққа дағдыландыратын бағдарлама іске қосылды

158 рет
көрсетілді

Бұдан былай Алматы мен Астана мектептерінің 10-сынып оқушылары уақытпен үндесетін элективті курспен таныса бастайды. Таяу күндері осы бастамаға, яғни «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» элективті курсының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Алматы мен Астана қалаларының білім басқармаларының өкілдері, Қазақ Тағамтану академиясының мамандары, мектеп директорлары мен курс авторлары қатысты.

Бұл бағдарламаны денсаулық және әл-ауқат саласының сарапшы «Amway Central Asia» ЖШС-ның қолдауымен, Алматы қалалық Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны әзірлеп отыр.

Курс метапәндік дағдыларды қалыптастырып, биология, әлеуметтану және басқа да пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда қолданылуы кәдік. Элективті курс «Біртұтас тәрбие» Ұлттық тәрбие беру бағдарламасының құндылықтарын жетелеуді көздейді.

Курс 6 бөлімнен – Amway-дің гүл күлтесіне үндес 6 тақырыптан тұрады: «тән саулығы», «ақыл-ой саулығы», «қоғаммен байланыс», «тұлғалық даму», «қаржылық әлауқат» және «планетамыздың денсаулығы».

«Біздің компания осы салада ерекше білімге ие және біз білгенімізді жұртқа таратқымыз келеді. Алты күлтесі бар Amway гүлі денсаулық пен әл-ауқатқа жан-жақты қарауды бейнелейді. Бұл тек физикалық денсаулық пен қаржылық әл-ауқатқа ғана қатысты емес, сонымен қатар позитивті ойлау, адамдармен ортақ мүддеге жұмылу мен жан-дүниеңді қанағаттандырып әрі табыс әкелетін іспен айналысуды қамтитын тұтас кешен. Осы кешенді көзқарас идеясын Қазақстанның білім беру мекемелері мен мектептері қолдап, дамытуға шешім қабылдады. Біз қоғамға, өсіп келе жатқан ұрпаққа және жұмыс істеп жатқан елімізге пайдамыздың тиетініне қуанамыз. Сау-саламат болу және әлеуметтік тұрғыда жайлы өмір сүру – бүгінде бұл жай ғана бұлыңғыр ұғым емес, бұл табысты болашаққа арналған іс-әрекет алгоритмі. Жасөспірімдерге жеке тұлғалық қабілет-қарымын өз бетінше үйлесімді, толыққанды дамыту қиын. Олар ересектердің көмегіне сүйенбейінше, кейде өз өміріне біржақты қарап, оның барлық қырын толық көре алмағандықтан, тұрақтылық пен тепе-теңдікке қол жеткізе алмайды. Қазақстанда бұрын-соңды мұндай курс болмаған, бірақ оның керек екенін, іске асыратын уақыт келгенін көріп отырмыз, сондықтан жоғары сынып оқушыларына үйлесімді, дұрыс өмір сүруді үйрететін бағдарлама әзірлеу қажет болды, – деді Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылымиәдістемелік орталығы» ШЖҚ МКК директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, бағдарлама мен әдістемелік ұсыныстардың авторы Сандуғаш Атейбек. – Біз осыны жүзеге асыра алғанымызға қуаныштымын. Оқушылардың танымдық, физикалық және әлеуметтік белсенділігін дамыта отырып, біздің бағдарламамыз жасөспірімдерге өзін-өзі жақсырақ түсінуіне, жасөспірімдік кезеңді жеңіл өткеруіне және табысты өмір сүруіне көмектеседі», деді «Amway Central Asia» ЖШС-нің бас директоры Ник Музашвили.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бөлімінің басшысы Анар Досмұхамет: «Жоғары сынып оқушыларына арналған осындай бағдарлама бар екенін білгенде, біз оны Астанада енгізіп, дамытып, кеңейткіміз келді, сондай-ақ осы курс негізінде жасөспірімдермен іс-шаралар өткізуді жоспарладық. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өте өзекті тақырып, әсіресе соңғы жылдары жасөспірімдер жиі тап болатын қиындықтарға қарап, олардың бойында салауатты және үйлесімді өмір салтын ұстану дағдысының төмен екенін байқаймыз. Курс бағдарламасы осы және денсаулық пен әл-ауқатқа қатысты басқа да маңызды мәселелерді түсіндіруге көмектеседі. Қазақстандағы мемлекеттік мектептер сияқты, жекеменшік мектептер үшін де жоғары сынып оқушылары арасында денсаулық пен әл-ауқат тақырыбын дамыту бағдарламалары аса маңызды», деді.

Баспасөз мәслихатынды Республикалық жеке білім беру ұйымдары Ассоциациясының жетекшісі Роза Садықова: «Біз бұл жобаны жоғары сынып оқушыларын келешекте салауатты, жайлы өмір сүруге дайындаудың маңызды бөлігі ретінде қолдауға дайынбыз. Денсаулықты сақтау мен нығайтып, әл-ауқатын жақсарту үшін жасөспірімдердің білім-білігі мен дағдысын қалыптастыру қажет. Бүгінгі жастарды осы бағытта оқытып, тәрбиелесек, ертең есейгенде олардың дені сау және бақытты азамат болатынына сенемін». Элективті курстың сабақтарында топтық, жұптық және жеке жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ эвристикалық, эксперименттік әңгіме, интерактивті әдістер мен әдістемелер, бейнематериалдар, имитациялық ойындар қолданылады. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларды тақырыптарды талдауға, негізгі терминдермен жұмыс істеуге, ой қорытуға, қорытынды жасауға, дилеммаларды шешуге үйретеді. Сабақ оқушылардың білім алуы мен болашақта еңбек етуіне қажетті коммуникативтік қабілет-қарымын жетілдіруге көмектеседі. Мұның бәрі оқушының үйлесімді тұлға боп қалыптасуына ықпал етеді. Біздің ортақ мақсатымыз – кешенді көзқарастың алты негізгі бағыты арқылы адамдарға өмір сапасын жақсартуына және салауатты өмір салтын ұстануына көмектесу. Алдағы уақытта жобаны бүкіл Қазақстан аумағына кеңейтіп, сондай-ақ университеттер мен колледж студенттеріне арналған осыған ұқсас курс дайындауды жоспарлап отырмыз», дейді.

Курс бағдарламасы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушыларды көздеген мақсатқа жұмылдырып, осы жолды бірге жүріп өтуге шақырады.

 

АЛМАТЫ