• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Дін 02 Қазан, 2024

Қостанай облысында дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

138 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Қостанай облысында дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2024 жылдың 16-20 қыркүйек аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері жастар арасында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты:

Тойматаев Даурен Болатович - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеттің  кафедра меңгерушісі, республикалық дін саласындағы АТТ мүшесі. Тарихшы. Философия ғылымының кандидаты; Омаров Тургун Гельманович – Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі. Теолог; Тойғанов Мырзабек Сардарбекович - ҚР Ішкі істер Министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кафедра меңгерушісі, республикалық дін саласындағы АТТ мүшесі. Психолог, тарихшы, педагогика және психология магистрі; Нұғыманов Асет Бауыржанұлы - «Дін мәселелерді зерттеу оталығы» КММ теологі, республикалық дін саласындағы АТТ мүшесі. Исламтанушы. 

2024 жылғы 16-20 қыркүйек аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Фёдоров ауданы, Лисаков қаласы және Қостанай ауданы тұрғындарымен, спортшылармен, жаттықтырушылармен, жастармен және жұмыссыз жастармен және т.б. «Жастар арасында деструктивті діни ағымның ықпалынан сақтану жолдарын түсіндіру», «Жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау», «Жастар арасында деструктивті діни ағымның зияны туралы түсіндіру», «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл», «Дәстүрлі Ислам дінінің рухани құндылықтарын түсіндіру» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.