• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот Төрағасы СӘХҚ президентімен кездесті

88 рет
көрсетілді

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Қазақстанда ресми сапармен жүрген Соттар әкімшілігінің халықаралық қауымдастығының президенті Луис Пальмамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуге Сот әкімшілігінің басшысы, СӘХҚ Орталық Азия және Үндістан өңірі бойынша вице-президенті Наиль Ахметзакиров және СӘ халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Шәкір Шаяхметов қатысты.

Өз сөзінде А.Мерғалиев ҚР Жоғарғы Соты мен СӘХҚ (МАСА) арасындағы ұзақ жылдар бойы дамып келе жатқан тиімді ынтымақтастықты, Қазақстанда және посткеңестік кеңістікте сот әкімшілігінің жаңа моделінің пайда болғанын атап өтті.

Спикер Қазақстанның сот жүйесін жаңғыртуға және сот жүйесін тиімді басқарудың заманауи құралдарын енгізу тетіктеріне тоқталды.

Н.Ахметзакиров тиімді сот әкімшілігінің құралдары мен жаңа технологияларды енгізу үшін СӘХҚ тәжірибесін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Үздік тәжірибе алмасу, жаһандық құқықтық қоғамдастыққа интеграциялау және заманауи сын-қатерлерге бейімделу пайдалы деп бағаланды.

Л.Пальма Қазақстанның сот әкімшілігінің бірегей моделін құрудағы жетістіктерін прогрессивті деп атады. Бұл құрылымдық өзгерістерге, Қазақстан соттарының бюджетін құру қағидаттарына және озық IT-өнімдеріне қатысты.

Мәртебелі мейман Қазақстанның сот жүйесі менеджменті сегментіндегі өзгерістерге қызығушылық танытып, оларды СӘХҚ (MACA) елдерінде тарату қажеттігін атап өтті.

Тараптар ынтымақтастықтың келешегі мен бағыттарын талқылады.