• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қазан, 2024

Жарымжан жандарға қамқорлық

61 рет
көрсетілді

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасауға мемлекет ерекше көңіл бөлетіні белгілі. Елімізде «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң 2005 жылғы 13 сәуірде қабылданды. Ал 2023 жылғы 20 сәуірде қабылданған Әлеуметтік кодекс жарымжан жандарды қолдау мен қорғау шараларын жетілдіре түсті. Кодекске сәйкес жалпы адамдарды, соның ішінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаты белгіленді.

Мекемелерде адам­дардың орташа жылдық санының 51 пайызын жарымжан жандар құрай­тын болса, ол «мүгедектер ұйы­мы» деп танылып, арнаулы же­ңілдік пен басымдыққа ие болады. Орталық, жергілікті ат­қарушы органдар мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін қорғайтын шешімдер қабылдап, денешынықтыру, спорт сала­сын­дағы уәкілетті органдармен бірлесіп спорттық іс-шаралар ұйым­дастырады. Сондай-ақ аумақтық мәдениет органдары­мен бірлесіп, ағартушылық, мәдени іс-шаралар өткізіп тұрады. Мүгедектердің қоғам­дық бірлестіктеріне, сондай-ақ олар­дың ұйымдарына өздерінің мен­шігіндегі ғимараттар (құры­лыс­тар, құрылысжайлар) салын­ған жер учаскелеріне меншік құқығы өтеусіз беріледі.

Мүгедек жандарды меди­ци­налық оңалту саласында да мемлекет қам­қорлығы үлкен. Медици­налық ұйым көрсетілетін қыз­мет­­тердің көлемін, оңалтуды жүргізу түрлері мен мерзімін көрсете отырып, сырқаты бар бө­бектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеп, оны жүзеге асырады. Мүгедектігі бар адамдар мен жарымжан балаларды санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету де осы Кодексте көзделген. Сондай-ақ мүгедектерге техникалық көмекші (компенсаторлық), арнаулы жүріп-тұру құралдарын әперу, бірінші топтағы мүгедек­тігі бар адамдарға жеке көмек­ші­нің қызметін ұсыну, есту қа­бі­летіне қатысты мүгедектігі бар адамға ыммен сөйлесу ма­ма­ны­ның қызметтерін ұсыну қарастырылған.

Мүгедектерге заңға сәйкес қамқорлық пен қолдау жасау елі­міздің аймақтарында әртүрлі деңгейде. Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар адам­­дарға 670-тен астам нысан­ бейімделген. Жарымжан жан­­дардың заңды құқықтарын қам­тамасыз ету, оларға қолже­тім­ді ортаны қалыптастыру мақ­са­тында облыста 678 әлеумет­тік инфрақұрылым нысаны дайындалған.

Қазір елімізде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қам­тамасыз ету, өмір сүру сапа­сын жақсарту жөніндегі 2025 жыл­ға дейінгі ұлттық жоспар, «Аmanat» партиясының 2023–2027 жыл­дарға арналған жол картасы, Мем­лекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылып жатыр. Партия жол картасында 2023–2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 35 мыңнан ас­там нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20 %-ы бейімделуге жатады.

Соның ішінде осы жыл­дың соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында 634 нысанды бейімдеу жоспарланған, алайда жос­пар артығымен орындалып, жо­ғарыда айтқа­нымыздай, 678 ны­санда бейім­деу жұмысы жүргізілді. Соның ішінде 186 – мемлекеттік ұйым­да, 73 – ден­саулық сақтау, 215 – білім беру, 45 – мәдениет, 81 – сау­да, қыз­­мет көрсету, 18 – спорт, 7 – әлеуметтік қорғау, 7 – кө­лік инфрақұрылымы нысанын­да, 5 – қоғамдық тамақтану орнында, 41 тағы басқа жерде мүгедектігі бар адамдардың барлық санат­тарына түрлі қыз­меттер қолжетімді.

Жарымжан жандарға деген қамқорлық нәтижесінде олардың кейбір ұйымдары әлемдік ареналар мен сахналарды бағындырып жүр. Мысалы, есту қабілеті төмен жастардан құрылған «Sensitive» балдық ансамблі Солтүстік Қа­зақ­станның атын әлемге танытып, түрлі халықаралық конкурс­тардан 17 Гран-при, 37 бірінші орын ұтып әкелді. Мүгедек жандардың спорттағы табыстары да аз емес.

Өздеріне заңға сәйкес жаса­луға тиісті қамқор­лық­ты та­лап етуді де солтүс­тікқа­зақ­стан­дық мү­гедек жандар жақ­сы бі­леді. Мысалы, бірінші топ­тағы мү­гедек Кәрім Ақжан «Гори­зонт» сауда үйі мен «Квар­­тал» биз­нес-орталығын­да мүгедек­тігі бар адамдарға қол­же­тімді­лікті талап етіп, ақыры өті­ніші жүзеге асты. «Менің өті­нішім­мен әлеуметтік қорғау депар­таментінің қызметкерлері жос­пардан тыс тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде аталған ес­кер­тулерді жою шаралары қа­был­данды», дейді ол.

Бұдан өзге, департамент 2024 жылдың 8 айында мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеу­меттік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік салаларындағы әлеу­меттік инфрақұрылым нысандарына 67 тексеру жүргізген. Оның 22-сі – жоспардан тыс тексерулер, 36-сы – профилактикалық бақылау, прокуратураның талабымен 9 тексеру болған. Тек­серу барысында анықталған бұзушылықтарды жою тура­л­ы 51 ұйғарым беріліп, 2 млн теңгеден астам сомаға 7 әкім­шілік айыппұл салынды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы