• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қазан, 2024

Жаңа техника табыстады

45 рет
көрсетілді

Облыс орталығы Тараз қаласын көгалдандыру, абаттандыру жұмысымен айналысатын «Жасыл ел – Тараз» кәсіпорнының техникалық базасын арттыруға жергілікті атқарушы билік айрықша назар аударып отыр. Кейінгі жылдары серіктестіктің техникалық базасы түрлі көлікпен толықты. Кәсіпорын жұмысының өнімділігін арттыру мақсатында күні кеше қала әкімдігі ұжымға тағы бірнеше жүк көлігінің кілтін табыстады.

«Жасыл ел – Тараз» кәсіп­орнында тәжірибесі толысқан мамандар жұмыс атқарып жатыр. Олар қала тазалығына жа­на­шырлықпен қарайды. Жұ­мысшылардың жүзінен өз ісіне деген адалдық байқалып тұрады. Облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмысын талапқа сай атқарып жүрген ұжымның еңбегі еселі екенін ерекше атап өткен жөн. Нақтырақ айтар болсақ, мекеме тарапынан шаһардағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, саябақтар мен скверлерді, гүл бақтарын, жаяу жүргінші жолдарын күтіп ұстау, қыс мезгілінде қар тазалау, мұз қатпау үшін жолдарға құм, тұз себу, тал егу жұмысы жүйелі түрде атқарылып жатыр. Сондықтан кейінгі бірер жылдың бедерінде серіктестікті жаңа тех­никалармен қамтамасыз ету қолға алынды», дейді Тараз қа­ла­­сының әкімі Бақытжан Орын­беков.

Шаһар басшысының айтуынша, Тараз қаласының тазалығы жергілікті атқарушы биліктің назарынан тыс қалмайды. Сол тұрғыда «Жасыл ел – Тараз» кәсіпорнының техникалық базасын толықтыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Тараз қаласының әкімі Б.Орын­беков бұл күні ұжымға су жаңа тоғыз жүк көлігінің кілтін тапсырды. Қалалық әкім­­діктің баспасөз қызметі кел­тірген дерекке жүгінсек, та­бысталған техниканың жетеуі қоқыс шығаруға арналған «Камаз-65115» маркалы көлік болса, екеуі қыс мезгілінде жол шетіндегі қарды тазалауға ар­налған «Амкодор-37» маркалы техника екен. Осылайша, кәсіп­орындағы техника тапшы­лығы жыл өткен сайын азайды.

Деректерге жүгінсек, «Жасыл ел – Тараз» кәсіпорнына өткен жылы 8 техника беріліпті. Екі жылды қоса есептесек, серік­тестіктің техникалық базасы 17 көлікпен толыққанын бай­қаймыз. Әрине, қала таза­лығына жауапты ұжымға бұл – үлкен қам­қорлық.

«Облыс орталығын көгал­дандыру, абаттандыру жұмыс­тары оңай шаруа емес. Ілгеріде техниканың жоқтығынан жұ­мыс баяулап қалған кез де болды. Алайда кейінгі жылдары жергілікті атқарушы биліктің қам­қорлығымен жаңа техни­калар алынып жатыр. Бұл серік­тестіктің жұмысына соны серпін береді. Әлбетте, осы орайда бас­шыларға айтар алғысымыз шексіз», дейді кәсіпорын қыз­меткерлері.

Кейінгі 2-3 жылдың беде­рінде «Жасыл ел – Тараз» кәсіп­орнының жұмысы жандана түсті. Қала тазалығына жауап беретін ұжымға жергілікті ат­қарушы билік тарапынан айтар­лықтай қолдау көрсетіліп жат­қаны көңіл қуантады.

 

Тараз қаласы