• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:20

«Дайындықпен келу керек»: Мәжіліс төрағасы Үкімет мүшелеріне ескерту жасады

34 рет
көрсетілді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысына дайындықсыз келген Үкімет мүшелеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілісте Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. Құжатты талқылау барысында депутаттар дәстүрлі түрде үкімет мүшелеріне сауалдар жолдаған. Бұл заң жобасы бойынша Қорғаныс және Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары сөз сөйлеген.

Депутат Бақытжан Базарбек Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахдиевке «Қазақстан мен Қатар бір-бірінің әскери полигондарын пайдаланатыны рас па?» деген сұрақ қойған.

«Олардың полигонын пайдалану біздің мақсатымызда жоқ, керісінше, Қатар әскерилері біздің полигонды пайдалана алады», деп жауап берді Дархан Ахдиев.

Мәжілісмен шенеуніктің келісімнің мазмұнымен жеткілікті түрде таныс еместігін алға тартқан.

«Мен сізге сұрақ қойдым. Біріншіден, сіз бұлай емес деп айттыңыз, бірақ бесінші мақалада «біз өз полигонымызды Қатарға береміз және олар бізге өз полигондарын береді» деп жазылған. Мақаланы оқып, танысыңыз», деді Бақытжан Базарбек.

Осыдан кейін Мәжіліс төрағасы Үкімет мүшелері пленарлық отырыстарға тыңғылықты дайындалуы керек екенінін қадап айтты.