• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2024

38 миллион балапан шығарады

87 рет
көрсетілді

Алдағы уақытта облыс орталығының аумағы көрші аудандардан қосылатын елді мекендер есебінен кеңейе түседі. Соған қарап-ақ қала халқының саны жыл өткен сайын арта беретінін болжау қиын емес. Тұрғындар саны көбейген сайын жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігі туындайды.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, облыс орталығында жаңа жұмыс орындарын құру бағытында ауыз толтырып айтар­лықтай жұмыс атқарылып жатыр. Қала билігі тұрғындарды жұ­мыспен қамту мақсатында жаңа өндіріс орындарын ашудың ма­ңы­зы зор екенін алға тартады.

Жергілікті атқарушы билік қала экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету мақсатында инвестиция тартуға басымдық беріп отыр­ғанын айта кеткен жөн. Б.Орынбе­ковтің айтуынша, алдағы уақыт­та жалпы құны 34,7 млрд теңгені құ­рай­тын 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Қолға алынған жобаларды жүзеге асыру арқылы 944 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Бірер күн бұрын Тараз қала­сын­да «Алель Агро» акцио­нерлік қоғамына қарасты өндірістік инкубатор іске қосылды. Дерекке жүгінсек, өндірістік инкубатор жылына 38 миллион балапан басып шығаруға қауқарлы екен. Өндіріс ошағы 50 азаматты жұмыспен қамтиды.

«Кез келген мемлекеттің әлеу­­­меттік әлеуеті артуын бі­рінші кезекте өндірісті өр­кен­де­тудің маңызы зор. Бір сөзбен айт­қанда, экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету де жаңа өндіріс орындарын ашып, эко­но­миканың нақты секторына инвестиция тартуымыз керек. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Қазір осы бағыттағы ірі жобаларды жүзеге асыруда нақты жұмыс атқарып жатырмыз.

Ел билігінің жан-жақты қол­дауы­ның нәтижесінде облыс орта­лығы Тараз қаласы да инвес­тиция игілігін сезініп отырғанын атап өткен жөн. Облыс орталығында жалпы құны 35 миллиардқа жуық қаржыны құ­райтын бірнеше ин­вестициялық жоба бар. Бұл жобалар жүзеге асырылған кезде 944 жаңа жұмыс орны ашылады деп болжап отырмыз.

Бұдан бөлек, жалпы құны 48 мил­лиард теңгені құрайтын 3 инвести­­ция­лық жобаны іске асы­руға қатысты арнайы келіссөздер жүргізілуде. Бүгін өз жұмысын бастаған «Алель Агро» акционерлік қоғамының об­лыс­­тық филиалы қаламыздағы кәсіп­керлік­тің көкжиегін кеңейтіп, дамудың жаңа белесіне бастайды деген сенім зор», дейді Тараз қаласының әкімі Б. Орынбеков.

Жоғарыда айтқанымыздай, жылына 38 миллион балапан басып шы­ғаруға қауқарлы өндіріс ошағында қыз­меткерлердің алаң­­сыз жұмыс істеуіне барлық жағдай қарастырылған. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі келтірген дерекке жүгінсек, жалпы құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрай­тын өндіріс орны заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Инку­баторға қа­жет­ті ши­кізат ком­па­нияның ішкі өнді­рісі ар­қылы жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда, жергілікті атқару­шы билік қалада жұмыс­сы­з­дық дең­гейін төмендету мақ­са­тында ауқым­ды жұмыс атқарып келеді. Мәселен, осы жыл­дың алғашқы 8 айындағы қо­ры­тынды дерекке сенсек, жұ­мыс­сыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға тө­мендепті. Статистикалық көр­­­сет­кіш қолға алынған өзге ша­ра­лардан бөлек, қалаға тар­тыл­ған инвес­тиция есебінен де жоғарылағанын айта кеткен ләзім.

 

ТАРАЗ