Қаза тапқандардың көбінің денесін күйік шалғаны сонша, олардың жеке бастарын анықтау мүмкін болмаған, деп хабарлайды Egemen.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Нигерияның солтүстігіндегі Джигава штатында жүргізушінің басқаруға ие бола алмағанынан жанармай құйылған танкер аударылып қалған. Салдарынан 94 адам қаза тауып, 50 адам түрлі дене жарақаттарын алған.
«Біз жанармай құятын цистернаға ешкімнің жақындамауы үшін бар күшімізді салдық, бірақ адамдар жанармай жинауға кіргендіктен, өрт шықты», деді жергілікті полиция өкілі.
Нигериялық The Whistler басылымы штат полициясына сілтеме жасап, 105 адамның қаза тапқанын хабарлады. Танкер жүргізушісі зардап шекпеген, бірақ ол тергеуге дейін қамауға алынған.
Жергілікті биліктің мәліметтері бойынша, 2020 жылы Нигерияда жанармай құйылған цистерналардың қатысуымен 1531 апат болған. Салдарынан барлығы 535 адам қайтыс болған.