• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Өндіріс 29 Қазан, 2024

Екібастұзда 700-ден астам жұмыс орны ашылады

97 рет
көрсетілді

Машина жасау саласында Екібастұз және Саран қалаларында 2 тұрақты кластер қалыптасқан. Кластерлік тәсілді машина жасаудың басқа секторларына да тарату жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, Екібастұзда теміржол саласына арналған бұйымдардың кең спектрін шығаратын 6 кәсіпорыннан тұратын кластер құрылған. Онда 2 мың адам жұмыс істейді. Қосымша тағы 739 жұмыс орнын ашатын 104,2 млрд теңгеге 3 жоба іске асырылып жатқандығы белгілі болды.

Айта кетейік, Саран қаласында 6 кәсіпорыннан тұратын кластер құрылған, оның 3-і машина жасау саласына қатысты.

«Машина жасаудың 2 жаңа жобасын, оның ішінде тұрмыстық техникаға арналған электр компоненттерін өндіру үшін локализациялық орталық құру жөніндегі жобаны іске асыру қосымша пысықталып жатыр. Нәтижесінде біз осы қалалардың экономикасын әртараптандыруға қол жеткіздік, бұл Саранды моноқала мәртебесінен шығаруға мүмкіндік берді», деді Қанат Шарлапаев.