Бұл туралы «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» комитетінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығының орманшысы Жомарт Аманбаев ҚР Зоология институтының мамандарымен бірге тау бөктерлеріне орнатылған фототұзақтарды тексеріп, олардың батареяларын және флеш-карталарын жаңартты.
Табиғатты зерттеуде ерекше рөл атқаратын фототұзақтар – жабайы жануарлардың күнделікті әрекеттерін бақылауға мүмкіндік бермек. Әрбір құрылғыдан алынған мәліметтер сирек кездесетін түрлерді қорғауға септігін тигізеді.