• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қараша, 2024

Шымкентте есірткі жарнамалаған арналар бұғатталды

76 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтап, 18 Telegram-арнасын бұғаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Бас прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысқан Telegram-арналарын анықтаған.

Нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалаған 18 арна бұғатталған.

Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жүйелі түрде жалғастырып жатыр.