• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қараша, 2024

Заңсыз схема арқылы пайда тапқан құрылыс компаниялары анықталды

104 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының прокуратурасы кейбір құрылыс компанияларының заңсыз баю үшін қолданатын айла-амалдары туралы, сондай-ақ жаңа пәтер таңдау кезінде нені ескеру керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратура органдары тұрғын үй құрылыс саласында үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту фактілерін анықтау мақсатында тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Еске сала кетейік, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сатып алу тәртібі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар жасасу «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.

Алайда, кейбір құрылыс компаниялары Заң талаптарын айналып өтетін мәмілелер жасақтау (алдын ала сатып алу-сату шарттары, алдын-ала брондау келісімдері және т.б.) арқылы жылжымайтын мүлікті сатып жатыр. Мұндай әрекеттер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша жауаптылық қарастырылған.

«Соңғы екі жылда облыс прокуратурасының актілері бойынша 60 құрылыс салушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 46 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. Қазіргі уақытта Ақтау қаласында салынып жатқан 5 тұрғын үй кешеніне («Manhattan» – 41 ш.а., №1/1 учаске, «Достық» – 20 ш.а., 21 үй, «Премьер» – 14 ш.а., 84 үй, «Adal Town» – 29 ш.а., 171 үй, «Aktau Riviera» – Жылы жағажай аймағы, 120 ғимарат) үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат берілді», делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Бұл ретте, жаңа ғимараттарда пәтерлерді таңдау кезінде бірнеше тармаққа назар аудару керек. Атап айтқанда, құрылыс компаниясында келесі құжаттар болуы керек:

Құрылыс компаниясында жергілікті атқарушы органдардан алынған жерге тиісті құқық беру туралы шешім; Инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтер көздеріне қосылуға техникалық шарттар; Салымшылардың қаражатын тартуға рұқсат(бірыңғай оператордың кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы және көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін).

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органнан сәулет-жоспарлау тапсырмасы алынып, бас сәулетшімен келісілген нобайлық жоба, жұмыс жобасы сараптамасының оң қорытындысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болуы маңызды.

«Егер бұл құжаттар ұсынылмаған жағдайда, құрылыс объектісі заңсыз, яғни тиісті рұқсат құжаттармен ресімделмеген болып есептеледі»,  делінген хабарламада.