Экономика • Бүгін, 13:11

Ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандары біліктілігін арттырады

21 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандарын даярлау семинары басталды, деп жазады Egemen.kz.

Ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандары біліктілігін арттырады

Фото: ҚМА

Семинарға Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен 50-ге жуық маман жиналған. 

Олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру тетіктерін меңгереді. Сондай-ақ терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің бағалаушылары арнайы дайындықтан өтеді.

Жиналғандар мұндай біліктілік дәрістері салада тәжірибе алмасып, жүйелі жұмыс істеуге ықпал ететінін атап өтті.