Фото: Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде пайда болған алдын ала мәлімет бойынша, Ақтаудағы бірінші шағын ауданда аялдама кешені опырылып түскен. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 5 қараша күні болғанын хабарлап, түсініктеме берді.
«Нәтижесінде бір адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Сапасыз құрылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады өңірдің Полиция департаменті.