• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қараша, 2024

«Абай» шахтасынан 155 адам эвакуацияланды

136 рет
көрсетілді

«Қарағанды Жарық» ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан «Абай» шахтасынан 155 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше түнде шахтада электр қуаты өшіп қалған. Кәсіпорынның орталық диспетчерлік пунктіне электр қуатының үзілгені туралы сигнал түскен бойда шахтада эвакуациялау жоспары енгізілген.

«7 қараша күні сағат 20:29-да кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына «Абай» шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түсті. Бұл жағдай «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған. Жедел түрде персонал эвакуация жоспарын іске қосты, нәтижесінде ауысымда болған 155 адам жер бетіне шығарылды. Кәсіпорынның барлық қызметтері жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істеді», деп хабарлады «Qarmet» АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта электр энергиясы қалпына келтірілген. Тиісті қызметтер жағдайды талдап, кәсіпорын жұмысын қауіпсіз түрде қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатқандығы белгілі болды.