• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қараша, 2024

Мүгедек әйелдің пәтерін сатып жіберген алаяқ ұсталды

83 рет
көрсетілді

Тараз қаласының прокуратурасы психикалық ауытқушылықпен ауыратын 1-топтағы 62 жастағы мүгедек әйелге тиесілі жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анықталғандай, 2023 жылдың маусым айында алаяқ әйелдің жағдайы мен дәрменсіздігін пайдаланып, Тараз қ., «Қаратау» мөлтек ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтерді 9 млн теңгеге сатып жіберген.

Прокуратураның талап арызы бойынша қалалық соттың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен пәтер иесіне қайтарылған.

«Қала прокуратурасы алаяққа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық қудалауды бастап, күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды», делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.